Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адамды көшеде несиеге телефон алуға мәжбүрлеген

Ақтөбе полициясына 19 жастағы жігіт қоңырау шалып, өзін несиеге телефон алуға мәжбүрлегенін мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап. 

телефон

Зардап шеккен жігіттің сөзінше, 24 сәуірде Қонаев көшесіндегі сауда үйінің маңында белгісіз біреу күш көрсететін айтып, 350 000 теңгелік смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген.

Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, ол бұған дейін де қылмыстық жауапқа тартылған. 

Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бапта мүлкін тәркілей отырып жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 01 Маусым, 2022 07:59
Талқылау