Ақтөбеде ер адам автобус жолаушыларының көзінше мерт болды
Қайғылы оқиға 20 қараша күні болды. 44 жастағы Ақтөбе тұрғыны жолаушылардың көзінше мерт болды.
Бұл туралы Диапазон хабарлайды.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам әрең үлгеріп автобусқа кірген. Өзін жайсыз сезініп, тыныс ала алмай тұрған. Алайда, бұған ешкім назар салмапты. Бір кезде әлдебір әжей байқап қалып, жедел жәрдем шақыртады.
«Жедел жәрдем келгенде ер адам аялдамада ессіз күйде жатты. Оның асфиксия дертінен көз жұмғаны анықталды. Ол Ақтөбеге жақында келген. Таяу күндері әйелінен ажырасып, өзі жұмыссыз жүрген. Ағасы екеуі пәтер жалдап тұрып жатыпты», – дейді жедел жәрдем қызмет стансасының орынбасары Дастан Неталиев.
ІІД қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Жіберіп алмаңыз:
Көшеден ақшасы бар әмиян тауып алған азамат иесін іздеп жүріп қайтарып берген
Мұхамедиұлы: Мен не үшін отставкаға кетуім керек, шындық үшін күрескенім үшін бе?
Алматыда жезөкшелерге көмектескен полицейді түрмеге жапты
Есімін жасырған азамат мүгедек ерлі-зайыптыға 7 бөлмелі үй мен көлік сыйлады (фото)
Алматыда мұғалімдер мен дәрігерер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады