Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде екі ер адам жүргізушіні өлтіріп, көлікті ұрлап кеткен

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен жол апатына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға Hyundai автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, алдында тұрған автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Бейнебақылау камераларының көмегімен көрсетілген көліктің орны анықталды. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен, бірақ ол бағынбай, қаша бастады. Полициядан қашып кетуге тырысқан құқық бұзушы қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Land Cruser 200 көлігімен соқтығысқан", - деді Ақтөбе полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Атабаев.

Көлікте алкогольдік мас күйінде екі ер адам болған, олардың бірі 19, екіншісі 37 жаста. Мәліметтер базасын тексеру көліктің басқа адамға тиесілі екенін көрсетті. Сондықтан, полиция ұсталғандардан жауап ала бастады.

Көлікті тексеру кезінде полицейлер рульдегі қан іздерін анықтаған. Артынша көліктен қанға боялған пышақ табылды. 

Осыдан кейін ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, көлікті ұрлап кеткенін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" және 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша жүргізілуде. Қылмыс жасады деп күдіктелгендер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр