Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде дүниеге келген перзенттерге Абай есімі берілді

ақтөбе

Ақтөбе өңірінде 10 тамыз - Абай күнінде барлығы 35 ұл мен қыз дүниеге келді. Оның екеуі ұлы ойшыл Абай есімімен аталды. 

Бүгін жас аналар Айзана мен Ақгүлді нәрестелерін дүниеге әкелген күнімен құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Әсет Оралбаев перзентханаға барды. Шаһар басшысының атынан домбыра сыйға тартты.

"Абай күні қарсаңында дүниеге келген перзенттеріңіз – рух пен даналықтың, үміт пен нұрдың белгісіндей. Ұлы ойшылдың өнегесімен, халқымыздың асыл мұраттарымен сусындап, жүрегі мейірімге, сөзі парасатқа толы, еліне сүйікті азамат болып өссін!" – деді ол. 

ақтөбе

Абайлардың біріншісі таңғы 5:15-те, ал екіншісі Абай Абайбекұлы екі сағаттан кейін - 7:00-де дүние есігін ашқан. Бір қызығы, екеуі де – тұңғыш. 

ақтөбе

"Есімім - Айзана. Бүгін Ақтөбе перинаталдық орталығының ақхалатты абзал жандарының арқасында тұңғышымызды дүниеге әкелдім. Есімін ақын Абайдың 180 жылдық тойына орай, отбасымыздың шешімімен Абай деп атадық. Абайдың әкесі Абайбек 155 жылдығында туылғанын айтқым келеді. 25 жылдан кейін тағы бір Абай өмірге келді. Қуанышымызға ортақтасып жатқан халқымызға алғысым шексіз. Ұлдарымыз еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өссін", – деп жас ана қуанышымен бөлісті.

ақтөбе

Айтып өтейік, бүгін Абай күнінде ақтөбелік дәрігерлер 21 ұл мен 14 қыз баланың туылына себепкер болды.

Назархан Уән
Жексенбі, 10 Тамыз, 2025 19:09
Талқылау
`