Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәбірленуші айыпталушыға бостандық сұраған": Ақтөбеде бұрынғы әйелінің бетін тіліп, қорлаған ер адамға үкім шықты

Ақтөбеде бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында #НеМолчи ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды.

"Ақтөбеде сот Сәкен Бекеновке үкім шығарды! Ол әйелінің бетін кесіп тастағаны үшін 4 жылға сотталды!" - деп жазды ол. 


"Ұлдарымды ұрып, таяқпен сабап тәрбиелеймін". Баласын ұрған Түркістан облысының тұрғыны өз әрекетін түсіндірді 


Оқиға 13 наурызда болған. Ер адам бұрынғы әйелі жұмыс істейтін кафеге барған. Бірнеше стақан сырадан соң, ер адам әйелге шабуыл жасаған. Ащы суға сылқия тойып, әйелдің бетін өткір затпен кескен.

Айта кетейік, бұл іс бойынша сот отырысы кеше өтті. Әйел соттан бұрынғы күйеуімен жолықпас үшін оған шектеу қоюды ғана сұрады. Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, соттан оны кәмелетке толмаған балалар үшін бас бостандығынан айырмауды сұрады және уәделерін орындауға уәде берді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 07 Қазан, 2020 14:25
Талқылау