Ақтөбеде бойжеткен мен бозбала балконнан секіріп өлді
Ақтөбеде бойжеткен мен бозбала балконнан секіріп өлді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.
Ақтөбеде 17 жастағы бойжеткен мен 18 жастағы бозбала көпқабатты үйдің балконынан секіріп өлді. Қыршын кеткен қос жастың мұндай қадамға неліктен барғанын ешкім айта алмай отыр.
Олардың мәйітін тұрғындардың бірі таңсәріде көріп, дереу полицияға хабар берген. Тексеру кезінде марқұмдардың бірі, 17 жастағы қыз балаға бір күн бұрын іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Жақындары оның жоғалып кеткені туралы тәртіп сақшыларына хабарлапты. Онымен бірге биіктен секірген жанындағы бозбала – досы екен. Қос қыршынның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”