Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бейтаныс жігітпен өткізген түн тұрмыстағы келіншек үшін сәтсіз аяқталды

Ақтөбеде бөтен еркекпен қыдырған күйеуі бар келіншек үшін жағдай соңы сәтсіз аяқталды. Бұл туралы “Ақтөбе Times” хабарлайды.

Безымянный

Жәмилаға келген құрбысы екі жігітпен бірге қыдыруды ұсынады. Осылайша Жәмила түннің бір уағында бейтаныс екі ер адаммен жалдамалы пәтерден бір-ақ шыққан. 02:30 шамасында Жәмила таңертең жұмысқа бару керек екенін, ал үйде анасы мен үш жасар баласы күтіп отырғанын еске түсіреді. Көшеге шығуға беттеген әйел есікке қарай беттеген. Алайда пәтердің кілті жоғалып қалыпты. Жәмила есікті ашуларын өтінгенімен, жігіттердің ешқайсы қалталарынан кілтті таба алмай қояды.

Қолына пышақ алған әйел жігіттердің біріне қарай сілтейді. Қан құдды фонтан секілді ағады. Пәтердің кілті болса табылмайды, ал жігітті ауруханаға апармаса болмайтын жағдай туындап, есікті бұзуға мәжбүрлейді. Жараланған еркекті көлікке салып, ауруханаға алып кетеді. Көмек дер кезінде көрсетілгендіктен, жігіт аман қалған. Ол сотта Жәмиланы мүлде кінәламайтынын айтып, оны жауапкершіліктен босатуды сұрайды.

Аға прокурор Нұрлан Сандыбай, әйелдің үш жасар баласы бар болғандықтан оны төрт жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін екенін айтады. Прокурормен келіскен судья Әлима Әділова төрт жыл жазадан бөлек 100 сағаттық жұмысты да белгілейді. Оны Жәмила төрт жыл уақытта жазасын өтеу кезінде атқармақ.

Оқи отырыңыз:

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Букмекерлік кеңседен ірі ұтысын ала алмаған алматылық жігіт Рамзан Қадыровтан көмек сұрады

Атыраудағы компания өз еркімен жұмыстан шыққандарға 20 мың доллар төлейді

2017 жылы бала туғанда берілетін жәрдемақы көлемі артатын болды

Талқылау