Ақтөбеде бесінші сынып оқушысы жолдасының аяғына пышық сұғып алды
Ақтөбедегі №38 орта мектептің бесінші сынып оқушысы қасындағы жолдасының аяғына пышақ сұғып алған. Қазір болған оқиғаға қатысты Ақтөбе қаласындағы №38 орта мектеп оқушыларына тәрбие сағаты өткізіліп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мектепте болған жағдайға байланысты олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында сынып сағаты өтті. Осы мектептің бесінші сынып оқушысы сабақтан шығып, үйіне бара жатқан жолда жанындағы досының аяғына кеңсе пышағын сұғып алған.
«Он бір жасар жасөспірімдер бір-біріне көрші. Ата-аналары да таныс болғандықта, өзара татуласып, полицияға шағымданбады. Бірнеше күн ем қабылдаған оқушы қазір сабаққа келіп жүр. Біздің мектепте ешқандай қылмыстық оқиға тіркелген емес. Қазақ орта мектебінде білім алатын балалардың біразы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан. Олар мектеп жанындағы жатақханаларда тұрады. Шындығында, біздің мектепте бұзық бала жоқ. Кешегі жағдай үшін де қиын болды. Аталған оқиға бойынша ата-аналарға құқықтық кеңес берілді»,- деді №38 орта мектеп директоры Назгүл Хасен.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда мас күйінде көлік басқарған жүргізушінің кесірінен жол апаты болды
Қызылордада жеңіл көлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды
Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді
7 адам зардап шекті: Шымкентте жол апатынан зардап шеккен жүкті әйел ауыр халде жатыр