Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолағында 11 жасар оқушыны көлік қағып, өлтірді

Ақтөбеде жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан 11 жасар оқушыны көлік қағып кетті. Ауруханаға жеткізілген оқушы ауыр жарақаттан  бірнеше сағаттан соң қайтыс болды.

Бұл туралы “Диапазон” хабарлады.

Оқиға 2018 жылы 31 қаңтарда 12:55-те болған

Жол көлік оқиғасына себепші болған ЗиЛ автокөлігінің тізгініндеген 48 жастағы Амантай Үсенов  сот алдында жауп берді. Ол өз кінәсін мойындады.

Сол күні ол өзінің ЗиЛ көлігімен апатқа ұшыраған автокөлікті Заречный ауылына алып бара жатқан.

Бала жаяу жүргінші жолағынан жүгіріп өтпек болғандықтан жүргізуші әрекет етіп үлгермеген.

Ол 2 жыл бас бостандығынан және көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Тағы оқыңыз:

Баланың зорланғанын жоққа шығарған вице-министр ақталуға тырысты

Сағадиев: «Қолтырауын», «ғаламтор», «перне тақта» секілді сөздер қолданыстан шығуы мүмкін

Құқық қорғаушы: Зорланған баланы бейімдеу орталығына жатқызу керек

Қазақ ақыны: Күләш Байсейітованың қызының тұрмысы нашар екен, көмектесейікші

 

Талқылау