Ақтөбеде әйел 11 айлық сәбиін жатақхана дәлізінде тастап кеткен
Ақтөбеде безбүйрек ана 11 айлық сәбиін жатақхананың дәлізіне тастап кеткен. Ата-ананың қарауынсыз қалған нәресте қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кікшентай Нина Хоренконы ауруханаға жедел жәрдем қызметі жеткізген. Келіп түскен кезде сәбидің дене қызуы жоғары болған көрінеді. Десе де қазір баланың жағдайы бірқалыпты.
Сорақысы да сол, төрт күннен бері оны ешкім іздеп келмеген.
«Жатақхана тұрғындары полицейлерді шақырған. Олар баланы тікелей сәбилер үйіне жібермейді, себебі, дәрігерлік тексеруден өткізуі тиіс. Сондықтан, жедел жәрдем көлігімен бізге алып келді. Емізулі бала болғаннан кейін анасын іздеді. Бірақ, біз өз тарапымыздан қажетті қоспаларды беріп, тамақтандырдық. Жағдайы қазір бірқалыпты. Егер ата-анасы келмесе, баланы сәбилер үйіне жөнелтеміз»,- дейді облыстық балалар ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жанар Алниязова.
11 айлық Нинаның тағдыры барша өңір жұртшлығын алаңдатты. Әсіресе, осы ауруханада балалары жатқан ата-атаналар оған жанашарлық танытуда. Олар сәбиге жылы киімдер, жөргектер әкеліп беріпті.
«Менің балам да осы ауруханада жатты. Емін алып болды, ауруханадан шықтық. Бірақ Нинаны көргеннен кейін уайымдап, бүгін шыдамай тағы жағдайын білуге келдім. Егер ата-анасы, туысқандары естісе алып кетсе екен деймін. Осындағы барлық адамның тілегі cол. Сәбиге ананың жылуынан басқа ешнәрсе керек емес», – дейді қала тұрғыны Инна Рудакова.
Жіберіп алмаңыз:
Семейде 20 жыл бұрын жоғалып кеткен бала қайта іздестіріле бастады (фото)
Алматыда жезөкшелік сауданы қыздырып отырған жеті мекен-жай анықталды
Талдықорған тұрғындары ата-анасы жоғалып кеткен 6 балаға көмектесті (фото)
Атырауда мұғалімді өлтірді деген күдікпен қарауыл қамауға алынды