Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда Ақтөбеде әуежайды басып алғандар түрмеден құтылып кетті

Ақтөбеде қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде әуежайға шабуыл жасап, оны басып алған үш ер адамға жаза тағайындылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

5 қаңтарда стратегиялық нысанға Елхат Қосыбаев, Нұралы Шахкөзов және Мәди Жұмабек кіріп, басшылықты қорқытып, барлық халықаралық және ішкі рейстерді тоқтатуды талап еткен. Әуе айлағына 1,5 миллион теңгеге материалдық шығын келтірілген.

Әуежайға бармас бұрын ер адамдар радикалды көзқарастағы жігіттердің арасында облыстық әкімдік алдындағы алаңда жиналған. Онда олар әуежайды басып алуды ойластырып, атқарушы биліктің әскери көмегіне тосқауыл қоймақ болған. 

Содан соң үшеуі де ұсталып, сотта өз кінәларын толық мойындап, тіпті прокурорлармен процессуалдық келісімге келген. Сонымен қатар олар барлық материалдық шығынды қалпына келтірді, бұл оларды түрмеге тоғытылудан сақтап қалды. Сот әрқайсысын үш жарым жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

 

Талқылау