Ақтөбеде ата-ана қарауынсыз қалған 6 бала пәтерге орналастырылды
Ақтөбеде суық саяжайда жалғыз қалған кәмелетке толмаған 6 бала құтқарылды. Белсенді қазақстандық азаматтардың арқасында оларға пәтер жалданып, азық-түлік, киім-кешек жеткізілді. Сонымен қатар қаржылық көмек көрсету мақсатында банк шоты ашылды.
“Шыныбековтер отбасы туралы оқиғаны барлық ел біледі, ізгі ниетті адамдардың арқасында нашар жағдайда саяжайда тұрып келген балалар құтқарылды! Біздің жігіттер де қарап қалған жоқ, олар өзге де азаматтармен бірге 2 күн бойы олардың үйінде болды. Біздің бірнеше жігіт балалармен бірге түнде қалып, бүлдіршіндер тоңып қалмас үшін пештерін жағып отырды. Екі тәулік бойы келіп жеткен киімдерді, азық-түлік, етті орналастырып отырдық. Қазір балалар мектеп жанынан уақытша жалданған пәтерге орналастырылды. Бүлдіршіндер шомылдырылып, тамақтандандырылды, сол үшін Әділнәзға раxмет!” – деп жазады Koba Legion атты Фейсбук қолданушысы.
Оның жазуынша, балалардың әкесі микроинсульттан кейін күні бүгінге дейін ауруxанада ем алуда.
“Оған тез сауығып, өз балаларымен қауышуды тілейміз! Анасымен байланыс жүргізілуде, жақын арада ол үйге оралады”, – деп жазады ол.
Бұған дейін Ақтөбеде анасы тастап кеткен бір үйдің алты баласы адам шошырлық жағдайда тұрып жатқанын хабарлаған едік.
Балалардың әкесі инсульттен кейін ауыр халде ауруханаға түскен. Аналары болса оларды тастап кетіпті. Қазір Тараз қаласында жұмыс істейді. Алты бала болса, салынып бітпеген салқын үйде не сусыз, не газсыз өздері ғана тұрып келген.
Өткен аптаның жұмасында Бақыт Шыныбеков инсульт алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Ол қазір дұрыстап сөйлей де алмайды. Дегенмен, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді дәрігерлер. Біраз күн емделгеннен кейін үйіне оралады.
Балалардың айтуынша, олардың аналары Тараз қаласына жұмыс істеп жатқан көрінеді. Кейде ақша жіберіп, аздап көмектесіп тұрады. Үйдің үлкені Сапаркүл педагогикалық колледждің студенті. Отбасындағы жағдайға байланысты сабағынан сұранып, ата-ананың орнын басып отыр. Үйдің кенжесі, әрі отбасындағы жалғыз ұл Руслан небәрі 7 айлық.
Жіберіп алмаңыз:
14 баланың анасы стриптиз көрсетіп, порно фильмдерге түскеніне өкінеді (фото)
Жылаған сәби Анталья – Алматы ұшағындағы ұрысқа себеп болды
ОҚО-да қыз болып туылған сәби кейін ұлға айналып кеткен (видео)