Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қос бүлдіршін әкелерімен бірге көшеде түнеп жүр

Ақтөбеде екі баласымен далада қалған әке үш күннен бері көшеде түнеп  жүр. Жетегіндегі екі баламды аналары тастап кетті дейді азамат. Қазір ақтөбеліктер бұл жандарға қолдарынан келгендерінше көмектесіп жатыр.  Бүгін уақытша тұратын баспана да тауып беріпті.

екпукне5кнг

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ақтөбеде екі баласын жетектеген алыптай азамат өзін тек Ерланмын деп таныстырды. Камераға бет-жүзін көрсеткісі келмеген тұрғын үш күннен бері балаларымен қала көшелерін кезіп, далада түнеп жүрген. Жетегіндегі баланың үлкені бес жаста болса, кішісі небәрі үш жаста екен. Өзі Қандыағаш қаласының тумасы екенін айтты. Екі баласымен далада қалған азаматтың қалада не ағайыны, не танысы жоқ көрінеді. Отбасылық жанжалдан соң, ашынған жарым жанұямызды тастап кетті дейді.

Балаларымен жалғыз қалған әке әйелімен ұрысып қалғанын мойындады. “Бұл қалада танысымыз жоқ”, – дейді ол.

Үш күннен бері анасыз қалған екі бүлдіршін қаннен қаперсіз ойнап жүр. Анамыз алысқа кетті, қазір келеді деп қояды.

Қазір көпшіліктің көмегімен Ерлан уақытша мына үйге келіпті. Аса ашылып сөйлей қоймаған ол үш күннен бері хабарсыз кеткен келіншегін бүгін ғана  тауыпты. Ал Ерланның уақытша баспанасына полиция қызметкерлері де келіпті. Олар жағдайдың анық-қанығы шешіліп жатқанын және егер шешесін таппаса екі баланы уақытша бейімдеу орталығына алып кететіндерін айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Жезқазғанда қоқыс арасынан табылған сәби ата-анасына қайтарылды

Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді

Аралда тұратын емші бала Ербосынға жұрт іздеу салып жатыр

56 жастағы Сары әулие өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)

Талқылау