Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Ақтөбеде үш оқушы қыз жүкті болып қалды. Бұл туралы инспекторлар, педагогтер және мектеп директорлары жиналысында белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап. 

жүктілік

Сурет:  Psychologies

Оқушы қыздар әртүрлі мектепте оқиды. «Нұр Отан» жанындағы жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің жетекшісі Мария Тәжібаева жүкті болып қалған қыздар оқитын мектеп директорларына сауал қойды. 

«Сіздер оқушылармен сөйлесесіздер ме әлде кабинетте құры отырасыздар ма? Бұрынғы заманда біз директорға кез келген мәселе бойынша жолығатынбыз. Мектеп директоры барлығын білуі тиіс», - деді шенеунік. 

Қалалық әкімдіктегілер қыз балалардың зорлық құрбаны болмағанын мәлімдеді. 

«14 жастағы мүгедек оқушы қыз анасымен бірге оңалту орталығына барған. Ол сол жерде жас жігітпен танысып, үйге жүкті болып қайтқан. Анасы жүктілік туралы білмеген. Бірінші кезекте осы қыздардың отбасылармен жұмыстар жүріп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы өзара келісіп жататын жағдайлар болады», - деді әкімдіктегілер. 

Талқылау