Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде "Әлия Гүлі" достарын қарсы алады - 2023" ашық би фестивалі өтті

Қараша айының 24-25 жұлдызында Қалалық мәдениет үйінде "Әлия Гүлі" достарын қарсы алады-2023" ІХ балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған  ашық би фестивалі өтті. Фестиваль "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблінің 45 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 98 жылдығына арналған. 

Фестивалдің басты мақсаты балалардың би әлемін түсініп қабылдаудағы талғампаздығын тәрбиелеу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде би өнерінің рөлі, би қажеттілігі жайында қоғамдық сананы нығайту, өзара достық нышандарын қалыптастыру.

Фестиваль құрылтайшылары және ұйымдастырушылары Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ мен қалалық мәдениет Үйі және "Халықтық ұжым"  "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблі.

Фестивальға  Ресейден, Татарстаннан, Башқұрстаннан,  Қырғызстаннан, Қазақстан республикасының әр аймағынан Жамбыл, Орал, Атырау, Ақтау  қалаларынан 13 ұжым, Ал  Ақтөбе облысының қала және аудандарынан  11 би ұжымдары қатысады. Осы аталған күндер аралығында фестиваль қатысушылары өз өнерлерін ортаға салады, тәжірибе алмасады. Қатысушыларға барлық жағдайлар жан - жақты қарастырылған. Фестивалдің ашылуы 24 қараша  күні сағат: 15-17.00-де  Қалалық мәдениет үйінде өтті. Бұл күні көрермендер фестиваль қонақтарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Фестиваль дөңгелек үстел, тәжірибе алмасу, шеберлік сағаттары формасында өткізілді. 

24 қараша кешкі сағат 18.00-де "Әлия Гүлі" қазақ би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына арналған концерттік шара өтті. Бұл шарада осы ұжымның  алғаш құрылған уақыттағы мұрындық болған басшылар, өнер қайраткерлері мен ардагерлер қатысты. Және де 1998 жылы   құрылған ансамблдің бишілері өз өнерлерімен атсалысты. Фестивальдің  жабылу және марапаттау салтанаты 25 қараша күні өтті. Жабылу салтанатында барлық фестиваль қатысушыларына Қалалық мәдениет үйінің директоры Дәрібаев Мұратбек Байбосынұлы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

  1. Ансамбль народного танца "ВЫКРУТАСЫ" руководитель-Вера Ивановна Исхакова- Россия, г. Лосино-Петровский;
  2. Народный  образцовый ансамбль  "АЙКӨЛ" Кыргызстан, руководитель – Нурбек УУЛУ  Урматжан, балетмейстер-Бариель Токтогбаевна  Кадырбекова;
  3. "Халықтық" "Шабыт" ансамблі, Орал қаласы.Жетекшісі-Кусаинова Анаргүл Амангелдіқызы;
  4. Вокальный ансамбль "ОЧАРОВАНИЕ"  руководитель – Людмила Борисовна Маркова, Марина Николаевна Павлова, Татарстан, г. Казань;
  5. Хореографический коллектив "СОЗВУЧИЕ" руководитель-Ольга Викторовна Яшина - г. Вологда;
  6. Ансамбль танца "ЭКЗОТИКА"- руководитель- Мария Григорьевна Герасимова, г. Актау;
  7. Халықтық би ансамблі "ЖАЙЫҚ ҚЫЗЫ" ,жетекшісі- Сегізбаева Жазира Қуанышқызы., Атырау қаласы;
  8. Халықтық би ансамблі "ЖҰЛДЫЗ" – жетекшісі – Сейтова Жаңылсын Сиғуатқызы, Атырау қаласы;
  9. Народный образцовый ансамбль "ШАТТЫК" педагог -хореограф-Милана Айбекқызы., г.Бишкек, Киргизстан;
  10. "Халықтық ұжым" "МАХАББАТ" би ансамблі, Жетекшісі- Зияш Еркебаева, Махаббат Баденова, Жамбыл облысы, Қордай ауданы;
  11. Ансамбль "Русские потешки" - руководитель- Варвара Васильевна Максимова, Россия г. Электросталь;
  12. Инструментальный жанр "2 СМЫЧКА" Башкортстан, г. УФА;
  13. "Үлгілі ұжым" "ҚҰРАЛАЙ" , жетекшісі – Оразаева Жаңылсын Салауатқызы;
  14. "АРАЙ" би ансамблі,жетекшісі-Галина Бахытжанқызы, Ақтөбе;
  15. "Үлгілі ұжым" "ЕҢЛІК", жетекшісі – Байдилдинова Гүлнар Вахитқызы, Ақтөбе;
  16. Ансамбль танца "ТАГРИДИС"-руководитель-Феопемптов Алексей Алексеевич.,Кадырова Юлия Владимировна, Платова Алена Сергеевна., Актюбе;
  17. "Халықтық" "Қарлығаш" ансамблі  ,жетекшісі – Таңжарықова  Гүлназ  Қуанышбекқызы.
  18. "Жастар" би ансамблі, жетекшісі-Сейтжанова ГауҺар Маралқызы, Ақтөбе;
  19. "Халықтық ұжым" "СҰҢҚАР" вокалдық ансамблі,жетекшісі - Медетова Лаззат Ерпайызқызы;
  20. Клоунада "МЫ ВАС ЛЮБИМ"-руководитель – Ербол Юлайевич Ермағанбетов;
  21. "Халықтық ұжым" "ГҮЛДЕР-АЙЫМ" жетекшісі – Айнабекова Шолпан Кәрімқызы., Ақтөбе.
Талқылау