Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде облыс әкімдігі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Ақтөбеде Шығармашылық академиясы ғимаратында облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған жергілікті мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. 

Қабылдауға келген 30-дан астам ақтөбелік жеке мәселелерін, арыз-шағым, ұсыныстарын жеткізді. Көшеге атау беру, тұрғын үй, жол салу, жарықтандыру, газбен қамту және т.б. сұрақтар өңір басшысының назарынан тыс қалмады. 

Әр өтініш иесіне жауап берген облыс әкімі  барлық мәселе заң талаптары негізінде шешімін табатынын алға тартты. Бұдан өзге, Асхат Шахаров азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты тиісті сала мамандарына тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің қабылдауы үнемі тұрғындар egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыру арқылы жазыла алады.

Талқылау