Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде әкесі өзінің 1 жасар баласын көлікпен қағып кетті

Ақтөбеде әкесі өзінің бір жасар баласын көлікпен қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

бала

Полиция мәліметінше, оқиға 7 тамыз күні орын алған. Бау-бақша ұжымындағы өз үйінің ауласында 48 жастағы Opel Astra автокөлігінің жүргізушісі артқа жүремін деп бір жастағы баласын қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала басынан ауыр жарақат алып, шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының полиция департаменті жолдарда және аулаларда қырағы болуды өтінді.

Дидар Халық
Дүйсенбі, 09 Тамыз, 2021 21:44
Талқылау