Ақтөбеде адамдарды қорқытып, ақша бопсалаған студенттер ұсталды
Ақтөбе оқу орындарының бірінің үш студенті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Коллаж: Stan.kz
Олар 18 жастағы екі жәбірленушіні қорқытып, 100 мың теңгеге жуық қаражат бопсалаған.
“Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген ақпаратта.
Полиция оқу орындарындағы қылмыс фактілеріне уақтылы ден қоюдың маңыздылығына ден қоя отырып, жастар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
Еске салсақ, Алматыда "желіге компроматтар жариялаймыз" деп кәсіпкерден 10 миллион теңге бопсалаған блогерлер ұсталды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі