Ақтөбеде 80 жастағы әжей емші “Қыдыр атаға” келетіндердің надан екенін айтты (видео)
80 жастағы Фатхия Ескендірқызы ел арасында Қыдыр ата атымен танымал емші Жанарыс Жақсылықұлымен көрші тұрады. Емшіні бала күнінен танитынын айтқан қария оған баратындарды надандарға теңеді.
Қыдыр ата аталып кеткен емшіге келушілер саны азаймай тұр. Халық емнің сырттан да жүретініне сеніп, сиынуды қақпаның алдынан бастайды, деп хабарлайды aktobenews.kz. «Біздің Қыдыр атаға келген адамдар хәлдерінің мүшкілдігінен, надандықтарынан келеді. Адаспай, барлық емді Алладан сұрау керек. Мен осы ауданда алпыс жылдан бері тұрамын. Қыдыр ата деп аталып кеткен Жанарысты бала күнінен білемін. Ол бұрын саудамен айналысып жүрді. Қазір емші. Адамдардың не үшін келетіндерін білмеймін, гипноз жасайтын болар», — дейді Фатхия Ескендірқызы. Тағы да оқыңыз: Семейде екі метр қорғаннан секіріп кірген қаскөй 3 айлық күшіктің басын кесіп лақтырып кеткен Астанада жедел жәрдем жүргізушісі мен дәрігері шақырған жерге мас күйінде келген Басқа кітап үстімен емін-еркін жүрген мысық мәжбүрлесе де Құранды баспай қойды (видео)Талқылау