Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 6 жасар қыз анасынан таяқ жегені үшін үйінен қашып кетті

Ақтөбеде әйел туған қызын соққыға жыққан. Бұдан соң кішкентай ару үйінен қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық полициясы әйел баланы үнемі ұрғанын анықтады. Қыз Тургенев көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. 

Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полицейлер жоғалып кеткен қызды тапты. Ол күні бойы отбасылық демалыс саябағында болған.

Баланың денесінде қанталау ізін көрген полицейлер жедел жәрдем шақырды. Қыздың ата-анасы сол күні полиция бөліміне жеткізіліп, профилактикалық есепке қойылды.

Анасына қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес ("кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемдегі айыппұл төлету қарастырылған. 40 тәулікке дейін қамауға алып, 3 жылға дейін кейбір лауазым мен қызметте болу мүмкіндігінен айырылуы да ықтимал.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 29 Тамыз, 2021 16:07
Талқылау