Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 17 мың адамды алдап соққан қаржы пирамидаларының тағы екі ұйымдастырушысына үкім шықты

Ақтөбеде "Тиімді қарыз", "Гарант 24 ломбард", "Эстейт Ломбард" қаржы пирамидаларының екі ұйымдастырушысына қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот

Мейірхан Сақтағанов пен Айдос Қалымбетов қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша 9 және 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидаларын құрғаны және басқарғаны, қылмыстық топ жасаған алаяқтық, заңсыз кәсіпкерлік үшін кінәлі деп танылды.

Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидалары туралы іс бойынша 3,5 мыңға жуық адам жәбірленуші деп танылды, олар келтірген залал 4 миллиард теңгеден асты. Қызылорда облысында 1200-ден астам адам пирамидаларға 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат салған.

Сотталушылар кінәсін мойындамады, істе біраз заңбұзушылықтар орын алды деп санайды. Олар апелляциялық шағым беруге ниетті. Екі сотталушының ісі өткен жылдың тамыз айында үкім шығарылған негізгі қылмыстық іс бойынша бөлінді. Сол кезде бүкіл Қазақстан бойынша 17 мыңнан астам адам жәбірленуші деп танылып, залал 30 миллиард теңгеден асты.

“Сақтағанов Мейрхан мен Қалымбетов Айдостың жазасын өтеу орны ретінде орташа қауіпсіздік колониясы белгіленсін. Үкім заңды күшіне енгенге дейін бұлтартпау шарасы, яғни қамауда ұстау — өзгеріссіз қалдырылсын”, – деп мәлімдеді Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы Саят Тәшімбаев.

Талқылау