Ақтөбе жастары республикалық "Kieli Tabigat" акциясына өз үлестерін қосты
16 қыркүйек күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаладағы жоғарғы және арнаулы оқу орындарының белсенді жастары мәдениет және ақпарат министрлігі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Kieli Tabigat" республикалық акциясына өз үлестерін қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сакралды аймақтарды тазалау, қалпына келтіру, сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатындағы республикалық акция аясында қала жастары "Түйе төбе" мемориалының аумағын тазалады.
Акцияға 30 аса қала жастары қатысты. Жастар ресурстық орталығы барлық жастарды тазалық жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн