Ақтөбе тұрғыны: Толғағы қысқан сіңлімді ешбір перзентхана қабылдамай жатыр
Ақтөбе тұрғыны сіңлісінің ауыр жағдайы туралы хабарлады. Өңірдегі ешбір аурухана мен перзентхананың коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдамай жатқанын айтты.
Бұл туралы "Ашық алаң" бағдарламасында айтылды.
Бағдарламада денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қонақта болды. Ақтөбеден хабарласқан көрерменнің бірі өз жанайықайын жеткізді.
"Менің сіңлім жүкті. 38 апта болды. Толғағы келгеніне 3 күн болды. Перзентханаға барып едік, алдымен тексерді. Коронавирус нәтижесі оң болып шықты. Мұндайда қабылдай алмаймыз деді. Коронавирус нәтижеде теріс деген анықтама әкелгенде ғана кіргіземіз деді. Оны тағы барып тапсыратын жағдай жоқ. Әрбір 5 минут сайын толғағы қысып тұр. Бас дәрігергер, директорға, денсаулық сақтау бөліміне хабарластым. Мұндайда не істеу керек? Не себепті жүкті әйелді қабылдамай жатыр?", - деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус нәтижесі оң болып шыққан жүкті әйелдерді қабылдап, босандырып жатқанын айтты.
"Нұр-Сұлтанда мұндай мәселе жоқ. Вирусты жұқтырған жүкті әйелдер бөлек перзентханада жатады. Себебі олардың басқаларға жұқтыру қаупі бар. Сондықтан бөлек орын берілу керек. Ол барлық өңірде солай болу керек. Бұл Ақтөбе қаласы бойынша денсаулық сақтау басқармасының қатесі. Тұрғындар қайда барарын білмей жатқан шығар. Мұны өңірдегі басшылыққа ескерту керек", - деді министрлік өкілі.
Бұл ретте Мұрат Әбенов мұның денсаулық сақтау министрігің қатесі деді.
"Вирус жұқтырған әйелдер қайда барарын білмейді. Толғағы қысқан әйелдер қайда барады? Олардан анықтама талап етеді. Ол 15 мың теңге тұрады. Ақшаны қайдан алады? Бұл ретте министрлік өкілінің өзі айтып отыр. Жүкті әйелдер тегін тапсыру керек. Есте сақтаңыздар, ақылы емес, тегін тапсыруға міндетті", - деді Әбенов.
Мұрат Әбенов бағдарламаға хабарасқан көрерменге қол ұшын созуға уәде берді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
