Ақтөбе тұрғыны қонаққа барып, үй иесінің телефоны арқылы шотындағы ақшасын ұрлап алған

Ақтөбе полицейлері қала тұрғынын банк қосымшасы арқылы 325 мың теңге ұрлағаны үшін ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

18 тамыз күні № 4 қалалық полиция бөліміне ақтөбелік азамат ұялы телефонының ұрланғанын айтып хабарласып, шағым түсірген.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе тұрғынын анықтап, ұстады,  ол жәбірленушінің үйінде қонақта бола отырып, еркін қол жеткізу арқылы жасырын түрде ұялы телефонды ұрлап, оның көмегімен қосымша арқылы құпия сөзді таңдап, 325 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты өз картасына аударған", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір таңда күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, криминалдық полиция қызметкерлері 190-бап (алаяқтық) және 188-бап (Ұрлық) бойынша бұрын жасалған 17 қылмысты анықтады.

Бұдан басқа, Аnti-Fraud жедел алдын алу іс-шараларының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының аумағында ақпараттандыру және байланыс саласында 12 құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша - 7 факт (интернет-алаяқтық), 311-бабы бойынша бір факт (порно материалдарды тарату), 399-бабы бойынша екі факт (ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, өндіру, өткізу немесе пайдалану) және 208-бап бойынша екі факт (ақпаратты заңсыз иелену) әшкере болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр