Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары жетім қалған бозбалаға отбасын сақтап қалу үшін ақша жинастыруда

Ақтөбеде жетім қалған 20 жастағы балаға халық ақша жинауға кірісті. Бұл ақша бозбалаға оның бауырларын өз қамқорлығына алып қалу үшін қажетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сергей Булгаков есімді Ақтөбе тұрғыны өзінен кіші бауырларымен бірге былтырғы жылы анасыз қалған. Төрт бірдей бала жетім атанған. Сергеу бауырларын өз қамқорлығында сақтап қалғысы келеді екен, дегенмен ол үшін алдымен өзі тұрып жатқан үйге жөндеу жұмыстарын жасау қажет көрінеді. 

"Өзінің туған күні 17 желтоқсанда Сергейдің анасы көз жұмды. Ана қамқорлығынсыз бірден төрт бала қалған. Олардың ең кішісінің жасы 2-де, оны балалар үйіне алып кеткен. Сергей тұрып жатқан үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізбекші, дегенмен оның құрылыс заттарын алуға ақшасы жетпей қалыпты", - деп айтылыпты әлеуметтік желідегі жазбада. 

Бірнеше күн ішінде ақтөбеліктер жинап берген ақша еден төсеушіне және пәтердің біл бөлмесінің есігіне ғана жетіпті. 

"Үйіндегі жөндеу жұмысынтезірек бітірсінші, біз қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Уақыт өтуде, ал оның інісін басқа адамдар бағып алуы мүмкін", - дейді Сергейдің марқұм болғана анасының құрбысы.

Сергей Булгаковтың  Kaspi Gold картасының нөмірі: 5169 4931 3842 2467
 

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Қаңтар, 2020 16:20
Талқылау