Ақтөбе тұрғыны газеттен жиһаздар жасайды (фото)
Ақтөбелік Дәурен Жауқаров газеттерден жиһаздар жасайды. Адамдар оның жасаған дүниелерін көргенде бамбук немесе жүзім ағашынан жасаған деп ойлайды.
Суреттер: © Анастасия Зюзина
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
Ол газеттен таяқшалар жасап, сосын оны бояйды. Жұмыс өте ауыр болғандықтан ептілікті қажет етеді. Мәселен, төсек жасауға 5 мың газет жолағы жұмсалған.
«Өкінішке қарай, адамдар қолдан жасалған жұмысты бағаламайды. Мен өзім жасаған себеттерді 10 мыңға бағалаймын. Бірақ, адамдар оның қымбат екенін айтады», – дейді Дәурен.
Ол болашақта газеттен жасалған бұйымдар сататын дүкен ашсам деп армандайды.
Динара Жаналина
Талқылау