Ақтөбе облысының бас дәрігері өзі өлген соң ағзасын алуға рұқсат берді
Ақтөбедегі донорлыққа қатысты дау шенеуніктерді түрлі амалдарға жетелеуде, деп хабарлайды КТК.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы тіпті мәйіттік донор боламын деп жар салды. Әсет Қалиев өлген соң ішкі ағзасын өзге науқастардың қажетіне жаратуға келісім беріп, әріптестеріне қолхат жазған.
Ең қызығы мұндай құжат толтырмаса да мәйіттен ағза алуға болатынын бұған дейін шенеуніктердің өздері түсіндірген. Ал дауға себеп болған, Серікболсын Көшербай есімді жас жігіттің екі бүйрегі. Төбелес кезінде басынан зақым алып қайтқан марқұмның ішкі ағзасын жергілікті дәрігерлер басқа науқасқа салып берген. Кейін рұқсат сұрамады деп марқұмның жақындары дау шығарған болатын. Олар тіпті облыстық денсаулық сақтау басқармасын сотқа беріп, миллион теңге моралдық шығын талап етуде.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан боксының жарық жұлдызы Василий Жиров ислам дінін қабылдады (фото)
Зейнеткер тиындарды сәттілік үшін ұшақтың қозғалтқышына лақтырып жіберді