Ақтөбе облысындағы Жаркемер ауылында тұрғындарға газ берілді
Аудан әкімдігінің "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС-мен бірге жүргізілген келісөздері нәтижесінде Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Жаркемер ауылына газ берілді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Бокашев, "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС-гі аппаратының басшысы Асхат Утегенов және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, қазіргі таңда аудан халқының бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелерге басымдық берілетінін атап өтті.
Жағабұлақ ауылнан Жаркемер ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын "Енисей 22" ЖШС-і жүзеге асырды.
Газ тарту жұмыстарына "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-і демеушілігік көмек көрсетті. Бүгінгі күні Жаркемер ауылында 17 үйде 81 тұрғын тұрады.
Өз кезектерінде ауыл тұрғындары газ тарту жұмысын белгіленген уақытында орындағандары үшін жауапты мердігер мен демеушілік көрсеткен "ҚазақОйл Ақтөбе" ЖШС-не алғыстарын білдірді.