AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі: құрылыстың дамуы - экономика өсімінің негізгі драйвері

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады.

Оның айтуынша, бұған әсер ететін бұрыннан қалыптасқан бірнеше мүмкіндік бар. Оның ішінде, облыстың қолайлы географиялық орналасуына байланысты көліктік логистикалық хаб ретінде дамуы; кең аумағы мен климатының қолайлылығына байланысты ауыл шаруашылығының дамуы; жер қойнауында пайдалы қазбалардың болуына байланысты, өнеркәсіп салаларының дамуы жатады. Облыс басшысы аталған артықшылықтар қандай нәтижелер беретінін, сондай-ақ, қандай перспективалар туындайтыны туралы толығырақ айтып берді. 

"Көліктік-логистикалық әлеует және инфрақұрылымға келсек, өңір экономикасының дамуы және жаңа жұмыс орындарының ашылуы, өмір сүру деңгейінің жақсаруына, халық саны мен бала туу көрсеткішінің өсіміне алып келді. Қазірде облыс халқының саны 900 мың адамнан асса, жер көлемі бойынша Қазақстандағы ең ірі облыстардың бірі. Ақтөбе қаласында 500 мыңнан астам адам тұрады. Осы факторлар өңірде тұрғын үй құрылысына деген қажеттілікті арттырды. Соңғы 3 жылда облыста жыл сайын кемінде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылы 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп және барлық уақыттағы ең жоғарғы көрсеткіш. Биыл 1,3 млн шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, 5 айдың өзінде 300 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Құрылыстың дамуы экономика өсімінің негізгі драйвері болып табылады. Бұған ерекше мән беріледі", - деді өңір әкімі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр