Ақтөбе облысының әкімі Қазақстандағы ең ірі футбол аренасының құрылысы туралы айтты
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров еліміздегі ең үлкен футбол стадионының құрылысы туралы мәлімет берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа арена Ақтөбе қаласындағы "Алтын Орда" ықшам ауданында салынады және 35 000 көрерменге арналған.
Жобаның архитектурасы халықаралық стандарттарға және УЕФА талаптарына толықтай сәйкес келеді. Бұл болашақта жоғары деңгейдегі халықаралық матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
"Көпшілікті жаңа стадионның құрылысы қашан басталады деген сұрақ қызықтырады. Біз алдын ала дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Спорт нысаны "Алтын Орда" ықшам ауданында салынады. Жер телімі анықталды. Жоба-сметалық құжаттама дайын болғаннан кейін мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.
Қазір мамандар құрылыс жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек бастау үшін жұмыс істеп жатыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, осындай нысандардың көбеюі үшін біз шетелдік инвестиция тартамыз", – деді әкім "Ақтөбе" футбол клубының ойыншыларымен кездесуде.

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
