Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы шекара заставасында мерзімді әскери қызметші әріптесіне қызметтік қарудан оқ атқан

Ақтөбе облысындағы шекара заставасында мерзімді әскери қызметші әріптесін атып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Оқиға 2 желтоқсан күні Мәртөк ауданындағы "Қиялы" шекара заставасында болған. Келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметші өз әріптесіне жанжал кезінде қызметтік қарудан оқ атқан. Жаралану салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде  қаза болды. Әріптесіне оқ атқан адам ұсталып, адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", –  деп хабарлады Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Ролан Жанысбаев.

Тергеуде марқұм мен ұсталған адамның неше жаста екені және іс бойынша басқа да мәліметтер жарияланбайды. 

Талқылау