Ақтөбе облысында жол апатынан бес айлық сәби көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан бес айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте таңғы уақытта Ақтөбе-Астрахань тас жолының 127-ші шақырымында Сағашилі ауылының маңында болды.
Kia Ceed көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, салдарынан көлік аударылған. Көлік ішінде жүргізушінің отбасы болған.
Салдарынан бес айлық баласы қайтыс болып, көлік иесінің әйелі мен 2 жасар ұлы ауруханаға жеткізілді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”