Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты (видео)
Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты. Апат Ақтөбе – Астрахань тасжолында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми сайты мәлімдеді.

"22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе – Астрахань тасжолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты", – делінген бейсенбі күні тараған ақпаратта.
- "Қатты қан кетіп, бала дірілдей бастады": Алматы облысында көліктің астына түсіп көз жұмған 12 жастағы баланың өлімі туралы куәгерлер айтып берді
- Жүргізушілердің бірі мас күйде болған: Талдықорғанда жол апатынан 4 жасар бала қаза тапты
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.
Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"