Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жеңіл көлік мен жүк көлігі соқтығысқан: Төрт адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Апат 6 шілдеде Шалқар ауданының аумағында Самара-Шымкент автожолының 1235 шақырымында болған. Hyundai Sonata көлігінің 34 жастағы жүргізушісі IVECO Magirus жүк көлігімен соқтығысты.

Жүргізуші және 20 мен 23 жастағы үш жолаушы мерт болды. ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Талқылау