Ақтөбе облысында зейнеткер мен оның немересі суға батып кетті
Фото: Istock.com
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Құдықсай ауылының 66 жастағы тұрғыны мен оның 8 жасар немересі суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусымда ер адам немересімен "Тойота Хилюкс" көлігімен Бозжыра ауданына қарай кетіп, үйіне оралмаған. Келесі күні іздеу-құтқару жұмыстары басталды.
“26 маусым сағат 19:30-да Ор өзенінің арнасын тексеру кезінде құтқарушылар суға батып кеткен көлікті тапты. Жағадан 4 метр қашықтықта 2,5 метр тереңдіктен сүңгуірлер баланың денесін алып шықты. Көлік пен ер адамның денесі де шығарылды”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Алматы облысында фотоға түсемін деп өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды
Алматыдағы Сайран көліне тағы бір адам батып кетті
Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Құтқарушылар азаматтарды су айдындарына жақын және жету қиын жерлерде қозғалу кезінде сақтық шараларын сақтауды, төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 112 телефонына хабарласуды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін 17 жастағы жасөспірімнің Сайран көліне батып кетіп, көз жұмғаны туралы жазылды.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
