Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ұлы өз әкесін арқанмен буындырып өлтірді

27 шілдеде Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Тікқайың ауылында өз үйінің жанында ауыл тұрғынының өлі денесі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ер адам

Сот-медициналық сараптама бойынша марқұм механикалық асфиксиядан қайтыс болған. Күдікті ретінде ер адамның ұлы ұсталды. Арада туған жанжал кезінде ұлы әкесін арқанмен буындырып өлтірген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Күдікті уақытша қамау изоляторына жабылды. 
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Шілде, 2019 12:32
Талқылау