Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында топан судан 1 мың үйге зақым келді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев табиғи апат салдарынан өңірдегі 1 мың үйге зақым келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Су тасқынынан өңірде 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыс, 232 аула, 852 саяжай зақымданған. Су тасқынына қарсы күреске 720 маман, 185 техника, 11 қайық, 8 су сорғыш жұмылдырылды, – деді Асылбек Есенбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Бұдан бөлек табиғи апаттан зардап шеккен 206 адамға 64 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленген.



"Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт ашылды. Барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 235 тоннасы көмекке мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 500 волонтер ат салысып жатыр. Бүгін түнде Қырғыз Республикасынан гуманитарлық көмек келді", – деді әкім орынбасары Асылбек Есенбаев.

Сөз соңында ол су тасқыны салдарынан келген материалдық шығын есептеліп жатқанын атап өтті.

Еске салайық, Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылының 4-сынып оқитын тұрғыны қобдишаға жинаған ақшасын Құлсары қаласына гуманитарлық көмекке қосқаны туралы жазған едік.

Талқылау