Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тепловоз жолаушылары бар пойыз локомотивімен соқтығысты

Ақтөбе облысында маневрлік тепловоз жолаушылар пойызының локомотивімен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға бүгін, 5 наурызда сағат 10:20 шамасында Ақтөбе облысының Біршоғыр станциясында болған

"Маневрлық локомотивтің Бішкек – Самара бағытындағы жолаушылар пойызының тепловозымен соқтығысты”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек Қандыағаш станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 344-бабы 1-бөлігі "Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді. 

ҚР ТЖМ хабарлауынша, оқиға орнына Қазавиақұтқару тікұшағы ұшып шығып, құтқару бөлімшелері жіберілді және ҚТЖ қалпына келтіру поезды жөнелтілді.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес пойызда 200-ден астам адам болған (Қырғызстан, РФ және Қазақстан азаматтары, ҚТЖ қызметкерлері). Ауруханаға жатқызудың қажеті болған жоқ, қазіргі уақытта жолаушылар пойыздың басқа вагондарына орналастырылды”, – деді министрлікте.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

Талқылау