Ақтөбе облысында тағы бір су қоймасының бөгеті жарылды (видео)
Ақтөбе облысында еріген қар суының көптігінен Мағажан су қоймасының бөгеті жарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хромтау ауданындағы Табантал ауылдық округінде орналасқан Мағажан су қоймасынан су кетті.
“Қызылту ауылынан 25 адам, оның ішінде 4 бала, ал Табантал қыстауынан 11 адам эвакуацияланды. Олар Бесқоспа ауылындағы мектепке орналастырылды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет су қоймасының жарылу қаупі бар екенін айтып, тұрғындарды эвакуациялауға келісім беруге шақырды.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен