Ақтөбе облысында сұмдық жол апатынан алты адам қаза болды
Ақтөбенің Бестамақ ауылы маңында ауыр жол апатының салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін сағат 12:15 шамасында «Ақтөбе-Астрахань» тасжолында орын алған: «Тойота-Ипсун» және «Лада-Ларгус» көлігі соқтығысып, екі адам оқиға орнында тіл тартпастан опат болды.
«Алдын ала болжам бойынша, «Тойота-Ипсун» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп «Лада-Ларгус» көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Аудандық ауруханаға бес адам жеткізіліп, тағы төрт адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Талқылау