Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында шетел азаматын еңбек құлдығында ұстаған

Тәжікстан азаматын Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында еркінен тыс жұмысқа жеккен. Ол өзінің еңбегі үшін ештеңе алмаған. Бақытына орай, оның азабы ұзаққа созылмады. Шетелдік 3 ай құлдықта болды.  Тәртіп сақшылары фермерді ұстады, ал жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылды. Мұндай жағдайлар Қазақстанда бірлі-жарым емес. Тек үш күннің ішінде полицейлер адам саудасына байланысты 50 қылмысты анықтады. Олардың арасында кәмелетке толмағандарды сату фактілері де бар.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

43 жастағы Джамшут Ақтөбеде бұрыннан тұрады. Жазда қаладан жүз шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына жұмысқа орналасуға шешім қабылдаған. ШҚ басшысымен бұрыннан таныс болған.  Ол жерде бұрын да жұмыс істеген. Сондықтан жұмыс орнында ешқандай қорқыныш болған жоқ. Бірақ, сайып келгенде, бұл жер тұзаққа айналды.

Тәжікстан азаматы күндіз тракторшы болып, түнде сарайды күзеткен. Автофургонда ұйықтаған. Бірақ еңбегі үшін бір тиын да алмаған. 

"Ол өзі қара джип көлігімен қаладан алып кетті. Олар маған ақша төлемеді, менің 2 балам бар, еңбек етіп, ақша табамын. Мен әділеттілікті қалаймын. Біз адамдар бірдейміз. Орыс болса да, қазақ болса да, өзбек болса да, тәжік болса да. Жұмыс істеді - ақшасын бер", - деді Джамшут.

Полиция рейді кезінде құлды кездейсоқ тапқан. Оның жанында ешқандай құжаттары болмаған. Иесі оларды алып қойған. Шын мәнінде, осы себепті шетелдік 3 ай бойы қорланған. Қазір ол дағдарыс орталығында оңалту курсынан өтіп жатыр.

Ал сарапшылар Джамшуттың басынан өткен оқиға біздің елдегі еңбек құлдығының классикалық үлгісі дейді.

"Олар белгілі бір аудандарда тұрғылықты мекендерінен алыс жерде. Адамдар жұмыс берушіге тәуелді және сол жерден өздігінен кете алмайды. Оған жалдамалы пәтердегі тұрғын үйге ақы төлеу, киім-кешек, азық-түлік сатып алу, заң көмегі беріледі", - деді "Дәріс"  ақпараттық-кеңес беру орталығының заңгері Наталья Исхакова.

Ал мұндай жағдайлар Қазақстанда ондаған. Тек 3 күннің ішінде полиция адам саудасына қатысты 50 қылмыстың бетін ашты. Тіпті балаларды сату фактілері де кездеседі. Құқық бұзушылықтардың көпшілігі жыныстық қанауға байланысты. 

"Қызылорда облысында полицейлер екі ер адамды анықтап, ұстады, олар бір апта ішінде қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді заңсыз ұстап, ұрып-соғып, жыныстық жағынан пайдаланған. Алматы қаласында алдау жолымен бес ай бойы 16 жасар қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қаланың жас тұрғындары ұсталды. Күдіктілер оның деректерін интимдік қызмет көрсетуге арналған жарнамалармен бірге интернет-ресурстарға орналастырған", - деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Адам саудасының құрбаны болмау үшін ішкі істер министрлігі табыс туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, ешкімге құжаттарды бермеуге және басқа қалаға немесе елге барған кезде контактілері мен мекен-жайларын қалдыруға кеңес береді.

Талқылау