Ақтөбе облысында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аталып өтуде
4 маусым күні Қазақстанда республикасының мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді. Ақтөбе облысында мерекеге орай тақырыптық, мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Негізгі салтанатты шара Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдени және демалыс саябағындағы Флагштокта алаңда болды. Шара басталарда саябақта жүрген мыңдаған ақтөбелік Қазақстан гимнімен қатар жалпыреспубликалық акцияға қосылды.
Кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктерді Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
"Бүгін біздің ел Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Осындай мәртебелі мереке күні Ақтөбе жерінде өткізіліп жатқан ерекше шараның бірі Ақтөбе қаласындағы триатлон паркінің ашылу салтанаты. Осы тектес триатлон паркі елімізде санаулы ғана ірі қалаларда қолданыста. Мұндай демалыс орнын бізге сыйға тарқан Lankaster Group Kazakhstan компаниясына және оның атқарушы директоры Қаниев Берік Сералыұлына ақтөбеліктер атынан зор ризашылымызды білдіреміз. Жалпы облыс көлеміндегі барлық аймақтарда бірқатар спорттық кешендер бой көтерді. Шалғай ауылдарда да қазіргі уақытта спорттың кез келген түрімен айналысуға толықтай мүмкіндік бар. Мемлекет басшысының дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасады. Егер өткен жылы облыста 60 жаңа нысан пайдалануға берілсе, биылғы жылы тоқсанға жуық спорт нысандарын қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз", – деді облыс әкімі.
Шара соңында спортшылар ҚР туын ұстап парадқа шығып, көліктер жүріп өтті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
