Ақтөбе облысында кондуктор автобустан құлап көз жұмды
Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 15 мамыр күні 17:15 шамасында орын алған. "Паз” маркалы №11 автобустан Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар сәтінде конудуктор жабылмаған есіктен қлап кеткен. Бас жарақатын алған ол 24 мамыр күні ауруханада жан тапсырған.
Автобус салонында шамамен 20 астам жолаушы болыпты.
"Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды", - деді жергілікті ПД өкілдері.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”