Ақтөбе облысында Қобда өзені тасып, суда қалған үш ауылға азық-түлік қайықпен жеткізілуде
Ақтөбе облысында Қобда ауданының үш ауылына көлікпен бару мүмкін емес. Су тасқынынан кейін жол жарамсыз боп қалған. Халыққа қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек қайықпен жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Қобда аудандық әкімдігінің хабарлауынша, Үлкен Қобда өзені арнасынан асып, Жарық, Қоғалы және Көк үй ауылдарына апаратын жолдарды су басқан. Бұл елді мекендерде 600-дей адам тұрады.
Судың деңгейі бір аптадан бері түспей тұр. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері су басқан жол учаскелерін бақылауда ұстап отырмыз дейді.
“Қобда ауданында Жарық, Қоғалы, Көк үй деген үш елдімекенге барлық автокөлік түрлеріне жол жабық. Су тасқыны бар жерлерде кезекшілік атқарылуда. Қайық өткелі ұйымдастырылуда. Аталған ауылдарда азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры бар”, – дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Әлішер Сарыбаев.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді