Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілді

Ақтөбе облысында коронавирустың таралуын алдын алу үшін карантин шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қаулыға сәйкес, банк, ХҚО мен пошта қызметіне тек алдын ала жазылу арқылы келуге рұқсат етіледі.

Сауна және моншалар жұмыс және сенбі күндері ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс істеп, жексенбі күні жабылады.

Сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілерге алдын ала жазылуы керек.

Жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), фитнес орталықтары және спорттық-сауықтыру орталықтарына алдын ала жазылу керек. Ал демалыс күндері жұмысын тоқтатады. 

Жексенбі күні сауда орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылады.


Ақтөбе қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр