Ақтөбе облысында газ құю бекеті жарылып, толығымен өртеніп кетті
Ақтөбе облысындағы Алға қаласында газ құю бекеті жарылып, толығымен өртеніп кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінде жарылыс туралы ақпарат 17 шілдеде 18:50 шамасында келіп түскененін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.
"Алғадағы Абай көшесінде орналасқан "ЛиманГаз" газ құю бекетіндегі көлемі 46 текше метр болатын цистернаның екі рет жарылғаны туралы хабарланды. Оқиға орнына 7 өрт сөндіру көлігі мен 26 қызметкер жедел аттанды. Өрт салдарынан "Тойота Камри" көлігі, тиегіш көлік жанып, бекеттің 22 шаршы метр болатын әкімшілік ғимараты жойылды", – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері бекеттің үш қызметкері өз беттерінше ғимараттан шыға алғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Өрт 19:44-те ауыздықталып, 20:02-де толығымен сөндірілді. Қазір себебі анықталып жатыр.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ