Ақтөбе облысында ер адам қыздың соңынан қуып, кірпіш лақтырмақ болған (видео)
Ақтөбе облысындағы Шалқар қаласында ер адам қыздың қуып, кірпіш лақтырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның бұл әрекетін қыз видеоға түсіріп алған. Болған жағдайға қатысты пікір білдірген полиция департаменті күдіктінің 32 жаста екенін мәлімдеді.
“29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны боқтап, балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған”, – делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылыпты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Талқылау