Ақтөбе облысында ер адам 25 метрлік биіктіктегі мұнараға шығып, әкіммен кездесуді талап етті
Ақтөбе облысының Қаратоғай ауылында құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқан ер адамды 25 метрлік байланыс мұнарасынан түсіруге мәжбүр болды. Азамат ешкімнің дегеніне көнбей, тек әкімнің ғана жанына жақындауына рұқсат берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Оқиға 1 маусым күні болған. Ер адамды құтқаруға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, облыстың құтқарушылары, дәрігерлер мен полицейлер келген. Мұнараға шығып алған азамат әкесімен, әйелімен, қызымен және қызметкерлерімен байланыс орнатудан бас тартқан. Тек ауыл әкімі Руслан Байсағызовпен ғана сөйлесуге келісім берген. Әкім мұнараға жалғыз шығып, құтқарушылар мұнарадағы азаматқа жақындауы үшін оның назарын басқа жаққа аударуға тырысқан.
Сағат 17:17-де құтқарушылар ер адамға жақындап, оны құрылымға кісендеп үлгерді. Содан кейін альпинистік құралдың көмегімен оны түсіріп, учаскелік инспекторға тапсырды.
Ер адамның қандай талаптар қойғаны хабарланбады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”