Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бір күннің ішінде 50-ден астам тұрғын үйді су басқан: ТЖД аймақтағы жағдай туралы айтты

Ақтөбе облысында бір күннің ішінде 50-ден астам тұрғын үйді су басқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Аймақтағы соңғы жағдай туралы Төтенше жағдайлар департаменті айтты.

Актобе су

"Өткен тәулікте Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда кентіндегі 51 тұрғын үй, 1 ФОК ғимараты, 1 "Айди" кафесінің ғимаратын су басты. Зардап шеккендер жоқ. 91 адам эвакуацияланды. Қазіргі уақытта материалдық құндылықтарды эвакуациялау, инертті материалдарды тасымалдау, үйлерді инертті материалмен және қапшықпен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:45-те Қобда ауданының әкімі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. ТЖ департаменті мен ЖАО күштерімен көшелерден, автожолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суын айдау және бұру жұмыстары жүргізілуде", - делінген сәрсенбі күнгі ақпаратта.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша барлығы 317 мыңнан астам текше метр су сорылған. 26,1 шақырым арық тазартылып, 7 420 м3 инертті материал әкелінген және 4 120 дана қапшық төселген (Байғанин , Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында). Ұзындығы 75 метр уақытша бөгет салынды, ұзындығы 50 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілген (Шалқар ауданы). Облыс бойынша елді мекендерден 524,9 мыңнан астам м3 қар шығарылған.

"Қосымша 138 ассенизатор жұмылдырылды. Жергілікті жерлерде 400-ден астам бірлік техника, 20 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр, 454 адам жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында көшелері су басқан жоқ. 2 учаске бақылауда,онда еріген қар суыкелген кезде кезең-кезеңмен су сору сорылуда", - төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Талқылау