Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында бес адам жол апатынан көз жұмды

21 тамызда Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

апат

Қандыағаш қаласынан Кеңқияқ ауылына бет алған Lada Largus көлігінің 40 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Апат Покровка – Жаңажол тасжолының 54-шақырымында болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы көз жұмды, олардың біреуі бала. Тағы бір адам орталық аудандық ауруханада көз жұмды. Сонымен қатар 5 адам ауруханаға жатқызылған (олардың үшеуі кәмелетке толмаған).

Талқылау